$ 472.34  541.25  6.01

Қазақтан да Илон Маск шығады - Нұртөре Жүсіп

Оның пікірінше, қазақ жастарының арасынан да өзИлон Маскі шығуы әбден мүмкін.

Фото: Сенат
Фото: Сенат

Белгілі қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіптіңайтуынша, жастарға шабыт беретін, олардыңарманын оятып, ізденуге жетелейтін тұлғалартуралы еңбектерді көбейту қажет. Ол әлемгежаңашылдығымен танылған Илон Маск секілдіадамдардың табыс жолын зерттеумен қатар, Қазақстаннан да сондай ауқымды ойлайтын, технология мен ғылымда серпіліс жасайтыназаматтарды кеңінен насихаттау маңызды екенінатап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның пікірінше, қазақ жастарының арасынан да өзИлон Маскі шығуы әбден мүмкін. Ол үшін жасұрпаққа нақты үлгі болатын оқиғалар көбірекайтылып, ғылымға, технологияға жәнекәсіпкерлікке қызықтыратын тұлғалардың өміржолы кеңінен таныстырылуы керек.

Сонымен қатар, бұл мәселе тек кітап жазуменшектелмеуі тиіс. Мұндай оқиғалар оқырманғақызықты форматта ұсынылып, қоғамға кеңіненнасихатталғаны маңызды. Өйткені сапалы еңбекжазылғанымен, оны аз ғана адам оқыса, негізгімақсатқа жету қиын. Сондықтан ғылым, технология және кәсіпкерлік саласында жетістіккежеткен тұлғалар туралы кітаптармен қатар, деректіфильмдер, сериалдар және білім беру жобалары да көбірек жасалуы қажет.

«Адам армандап, қиялдай білуі керек. Мысалы, қазір бір ғана Илон Масктың өзін алып қараңызшы. Осыдан 5-6, 10 жыл бұрын электрокарлар, болмасаМарсқа ғарыш кемесін ұшырып, зерттейді деп кімойлады?! Маск адамзат көшінде бір өзінің жасағанидеясына жақында ғана 76 млрд доллар инвестиция құйып отыр. Айтқан сөзіне, оның үсынғанжобасына Америка, Қытай қолдау білдіріп отыр. Қазір ғарышты, Айды игеруге де әлем елдері, адамзат баласы қызығушылық танытуда», - депатап өтті қоғам қайраткері.

Айтуынша, ғарышты бағындыруға біздіңжастардың да әлеуеті мен мүмкіндігі жоғары.

«Біздің Байқоңырымыз тұр. Ғарыш саласын оқып, зерттеп жүрген жастарымыз да баршылық. Қазірқазақ мойнын бұруы керек. Өйткені, ертеңтехнологиясына ие болып, ашық тұрғанкеңістіктерді меңгеріп, қазақ ұлты кіруі керек», - дейді Нұртөре Жүсіп.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0