$ 469.83  536.83  5.97

Сарапшы: Балалы отбасыларды қолдау кешенді мемлекеттік саясатты қажет етеді

Мемлекеттік қолдау жәрдемақыларды, жеңілдіктерді, тұрғын үй бағдарламаларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтиды.

Фото: ЖИ
Фото: ЖИ

Қазақстанда ана мен баланың құқығын қорғау қатал заңдармен бекітілген. Десе де, Орта Азияда, соның ішінде ана мен балаға қарсы жасалатын келеңсіздіктер тым көп. Талап мемлекеттік мекемелерде де, жекелеген орталықтар, орындарда да көбіне сақтала бермейді. Оған қоғамның көзқарасы да себепкер. Елдегі аналардың жағдайын жасап, құқығын қорғауды жетілдіру жолдары жайлы Sn.kz ақпарат порталының тілшісі «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы орталығының директоры, инклюзия және гендерлік теңдік саласының сарапшысы Нұржамал Иминовамен сұхбаттаса отырып, талдады.

Түрлі заң талаптарының болғанына қарамастан Қазақстанда ана мен бала құқықтарын қорғау деңгейін қалай бағалайсыз?

Ана мен бала құқықтарын қорғау жүйесі даму сатысында және заңнамалық кепілдіктерді, жүктілікті медициналық қолдау бағдарламаларын, әлеуметтік төлемдерді және отбасыларды қолдау шараларын қамтиды. Қазақстанда балалары бар отбасыларды қолдау жүйесі Орталық Азиядағы ең дамыған жүйелердің бірі болып саналады, бірақ ауқымы мен әмбебаптығы жағынан ол Шығыс Еуропа немесе ЕО елдерінен айтарлықтай төмен. 

Біздегі жүйенің жақсы жақтарына мыналар жатады: аймақтағы көрші мемлекеттерге қарағанда жоғары төлемдер, көп балалы отбасыларға арналған әмбебап жәрдемақылар, сақтандыру жүйесі (жалақыға байланысты). Сондай – ақ, мемлекет отбасыларды қолдауға белсенді инвестиция салуда: мысалы, жыл сайын жәрдемақыларды индекстейді және бағдарламаларды кеңейтеді, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасын бастады. 

Сонымен қатар, отбасылар үшін баспананың қолжетімдісіздігі, әйелдер үшін жұмыспен қамтудың нысандары мен түрлеріне қатысты мәселелердің белгісіздігі мен өзектілігі қалып отыр. Бала туудың бірегей функциясын, жалақысы төленбейтін үй еңбегін және әйелдердің иығына түсетін баланы тәрбиелеуді ескере отырып, негізінен – көптеген әйелдер соңғы уақытта мансапты дамытуды қалайды. 

Сонымен қатар, көбінесе балалардың нақты шығындары, әрі мектеп шығындары жәрдемақы мөлшерінен жоғары болатындығын атап өткен жөн. Әрі қарай, көптеген ата-аналар үшін жәрдемақы төлеу баланың 1,5 жасынан кейін аяқталады, ал үйде отырып, балаға қарау керек. Еуропада жәрдемақы төлеу 2-3 жылға дейін сақталады. Сондықтан, балаларды тәрбиелеу мен дамыту үшін қолдау көрсететін және қолжетімді инфрақұрылымды дамыту маңызды. 

Балалы отбасыларға көрсетілетін мемлекеттің көмегі, қолдауы жеткілікті деп санайсыз ба? 

Мемлекеттік қолдау жәрдемақыларды, жеңілдіктерді, тұрғын үй бағдарламаларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтиды. Алайда, көптеген жас отбасылар баспана алу, бала тәрбиелеу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде қиындықтарға тап болып келедң. Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары бар және олар жұмыс істейді, бірақ олар жеткіліксіз. Бала тууды жақсарту және баланығ оның анасының жағдайын жан-жақты қарау маңызды. Көптеген аналар бала тапқан соң ақшасыз қаламыз деп қорқады. Мәселен, Оңтүстік Кореядағыдай отбасыларды қаржылық ынталандыруды арттыру керек.

 Кореяда мемлекет отбасыларға 40 000 долларға дейін төлейді, сонымен қатар жұмыс берушілер-компаниялар әр бала үшін 7 000 доллардан 70 000 долларға дейін және 8 жасқа толғаннан кейін балаға тағы 20 000 доллар төлейді. Бірақ қолдау тек ақшамен ғана емес, инфрақұрылымды жақсарту маңызды. 

Қолдау инфрақұрылымына сапалы қолжетімді балабақшалар құру, балаларға қолжетімді сапалы білім беру, медициналық көмекті жақсарту, сондай-ақ жұмыс істейтін аналар мен әкелер үшін икемді жеке жоспарлар мен жұмыс жағдайларын жасау кіреді. 

Ана мен баланың денсаулығын жақсарту, сақтау деген арнайы жоба да, тіптен заңда бар. Сіздің ойыңызша, нақты қандай шараларға басымдық беру керек?

Өйткені, ауруханада, үй жағдайында көз жұмып жатқан келеңсіз жаңдайлар жоқ емес...
Барлық өңірлердегі әйелдерге босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі медициналық және психологиялық көмектің сапасын арттыру басым бағыттар болып табылады. Емханаларда әйелдер консультацияларында жас ерлі-зайыптыларға арналған тренингтер өткізілуі керек, онда бірлескен балалар үшін өзара жауапкершілік және әр ата-ананы бала тәрбиесіне тарту түсіндіріледі, содан кейін әйелдерге жүктеме азаяды және ажырасу деңгейі де төмендейді. Ана мен бала денсаулығы мемлекеттің басты және бірінші жұмысы, міндеті болу керек. Ол үшін қазіргі заманауи технологияны, цифрландыру жүйлерін кеңінен қолдану, қажеттіліктермен қамтамасыз ету маңызды. 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жекелеген шаралар аса тиімді емес, бірақ кешенді мемлекеттік саясат кеерк. Тұрғын үй, медициналық қызметтер, азық-түлік және білім бағасының жыл сайынғы өсуін ескере отырып, жәрдемақыларды индекстеу маңызды. Көп балалы ата-аналарға жұмыс пен бала тәрбиесін үйлестіру үшін жағдай жасау өте маңызды, кірісті жоғалтпай икемді кестелер жасау мүмкіндігі болуы керек. Мұндай шаралар көп балалы және толық емес отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға, қаржылық қолайсыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. 

Көпбалалы және толық емес отбасыларындағы аналар мен балаларды  әлеуметтік сүйемелдеу өте маңызды. Отбасының дағдарыс жағдайына өтуіне жол бермеу үшін кейс-менеджмент әдістемесі негізінде отбасыларды дамытудың жеке бағдарламаларын құру өте маңызды. Әлеуметтік қызметкерлер отбасыларға көмек көрсету орталықтары негізінде отбасыларға уақытында көмектесе алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0