$ 470.28  537.53  5.99

Әкімдік бордюрді тізіп қойған: Ақтөбедегі «Алтынорда» тұрғындары батпақ кешіп өмір сүруге мәжбүр

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 

Ақтөбе қаласындағы «Алтынорда» тұрғын алабында орналасқан №353 үйдің тұрғындары әкімдікке шағымданып, жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көшеде жөндеу жұмыстары жүріп, бордюрлер қойылғанымен, үйге апаратын дұрыс жол әлі де жоқ. Әсіресе жаңбыр жауған күндері балшықтан көлікпен жүру мүлде мүмкін болмай қалады. Жергілікті халық қонақтар мен жақындарының үйге араң жететінін айтып, күнделікті азаптан шаршаған. Тұрғындар ұзақ уақыттан бері созылып келе жатқан бұл мәселені жергілікті билік тез арада шешіп береді деп үміттенеді. Әкімдік өкілдері әзірге халықтың бұл өтінішіне қатысты ресми жауап бере қойған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0