$ 470.28  537.53  5.99

Павлодар облысында 6 жұмысшы қаза тапты

Оқиға Жоламан ауылында тіркелген.

Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Павлодар облысының Ақтоғай ауданында кәріз құдығында болған қайғылы оқиға салдарынан алты жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға Жоламан ауылында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмыс барысында адамдар кәріз құдығындағы газдан уланған. Жедел жәрдем қызметіне шақырту сағат 12:01-де түскен.

"Оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның көз жұмғанын медицина қызметкерлері анықтады. Тағы бір 1988 жылы туған ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді", – деді дәрігерлер.

Дәрігерлердің мәліметінше, ауруханаға жеткізілген 38 жастағы ер адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0