$ 470.28  537.53  5.99

Атырауда жол апатынан бір адам қаза тапты

Апат салдарынан тағы төрт адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Атырау облысының Махамбет ауданында болған жол-көлік оқиғасы бір адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Апат салдарынан тағы төрт адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Қайғылы оқиға 18 шілде күні кешкі уақытта тасжолдың 56-шақырымында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Sienna және Lada Granta маркалы жеңіл автокөліктер соқтығысқан.

Жол апатының салдарынан Toyota Sienna көлігінде отырған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал түрлі жарақат алған төрт адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

«Жол апатына қатысушы тағы 4 адам әртүрлі денене жарақаттарымен шұғыл түрде ауруханаға госпитальзацияланды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0