$ 470.28  537.53  5.99

Өскеменде көлік аударылып, 2 жасөспірім мерт болды

Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасынан екі жасөспірім мерт болды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қала прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, көлікті кәмелеттік жасқа толмаған бозбала басқарған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

- Алдын ала дерек бойынша ол жеңіл автокөлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автокөлік жол жиегіндегі бөгетке соғылып, аударылып түсіп, кейіннен өртеніп кеткен, - делінген ақпаратта.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікте болған екі жасөспірім жолаушы көз жұмды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0