Аптап ыстықтың беті қайта қоймайды.
Ел тұрғындарын құбылмалы ауа райы күтіп тұр. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 21 шілдеде, сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсетінін және қатты жел болатынын болжайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұған солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронттар түрткі болмақ.
Бүкіл республика бойынша желдің екпін алатыны болжанады, ал оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі.
Дегенмен аптап ыстықтың беті қайта қоймайды.
Күндіз Атырау және Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күн 35 градусқа дейін қызады.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында да аптап ыстық күтіледі: +35...+38°С,
Жетісу облысында ауа температурасы: +35...+39°С,
Маңғыстау облысының оңтүстік және орталық бөліктерінде күн 38 грудысқа дейін қызады.
Ең жоғары температура Абай мен Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тіркелуі мүмкін: +41°С дейін.
Сонымен қатар, синоптиктер еліміздің бірнеше аймағында бірден жоғары және төтенше өрт қаупі тіркелуі мүмкін екенін ескертеді.