Мұны оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев растады.
Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бүгін бостандыққа шығады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мұны оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев растады. Айтуынша, бүгін сот отырысында Байжановқа рақымшылық жасау шешімі қабылданып, оны дереу босату жөнінде қаулы шығарылыпты. Оның жазасының өтелмеген бөлігі үш айдан сәл ғана асатын еді.
Айта кетейік, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты екінші айыпталушы Байжанов 4 жылға сотталған еді.