$ 443.35  475.54  4.82

Елімізде демалыс күндері ыстық ауа райы сақталады

Қазақстанның батыс, оңтүстік және шығыс облыстарында демалыс күндері ыстық ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет метео қызметі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, күндізгі температура +30…+38º, кей жерлерде +40º дейін, ол осы кезеңге қалыпты жағдайдан 5…10º жоғары.

«Солтүстік облыстарда жексенбі күні кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, дүйсенбі күні осы облыстардың барлық дерлік аудандарында жаңбыр жаууы күтіледі, температура сенбі-жексенбі күндері +30…+38º-тан дүйсенбі күні  +20…+28º-дейін төмендейді», делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары