$ 445.66  474.58  4.78

Шымкентте мұғалімді өлтірген студент 18 жылға сотталды

Кеше шымкенттік мұғалім Анжелика Ханды өлтірген жігіттің ісіне байланысты сот тыңдаулары аяқталды, деп хабарлайды otyrar.kz.

20 жастағы Тимур Ким кісі өлімі және тонау баптары бойынша жауапқа тартылды.

Сотталушы 18 жыл түрмеге қамалу жазасына кесілді. Ол жазасын қатаң режимде жазасын өтейді. Бұған қоса мал-мүлкі тәркіленеді.

Ал марқұмның туыстары сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда, сотталушының адвокаты оның жасын ескеріп, жазасын өтеу уақытын шегеруді ұсынды. Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 1-сәуірінде сотталушы Анжеклика Ханды өз пәтерінде өлтірген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары