Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Дархан Сапанов тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді.
Дархан Бақытжанұлы Сапанов 1985 жылғы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген.
Ол 2007 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша инженер біліктілігімен тәмамдаған. Кейін, 2009 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Ал 2022 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында Іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) бағдарламасын аяқтаған.
Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы департаментінде бас маман, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-де инженер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде сарапшы болып жұмыс істеген.
2009–2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінде түрлі лауазымдарды атқарып, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі, бас инспектор және Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерінде еңбек етті.
2020 жылдан 2023 жылға дейін Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болды. Ал 2023 жылдың ақпан айынан бері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін 2018 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған.
Өңір әкімдігінің мәліметінше, Дархан Сапановтың облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалуы оның мемлекеттік басқару, өнеркәсіпті дамыту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесінің заңды жалғасы болып саналады.