$ 476.07  541.86  6.08

Ақын әрі прозаик Римма Артемьева дүниеден озды

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Фото: Қазақстан жазушылар одағы
Фото: Қазақстан жазушылар одағы

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Римма Артемьева 66 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Римма Артемьева 1960 жылдың 20 тамызында дүниеге келген. Ол биолог және дефектолог мамандықтары бойынша екі жоғары білім алған. Сонымен қатар әдеби шеберлік курстарын, «Мусагет» әдеби бірлестігін және әдебиеттану қорының мәдениеттану бағытындағы халықаралық семинарын тәмамдаған.

Ақынның поэзиясы, прозалық шығармалары, публицистикасы, сұхбаттары мен мақалалары Қазақстандағы және шетелдегі бірқатар әдеби басылымдарда жарық көрді. Оның өлеңдері қазақ, ағылшын және литва тілдеріне аударылған.

Римма Артемьева бірнеше жыр жинағы мен прозалық кітаптардың авторы. Оның шығармалары түрлі әдеби антологияларға енген.

Шығармашылық жолында ол «Новое поколение» газетінің байқауында «Жыл ақыны» атанса, Беларусь астанасы Минскіде өткен «Дом» халықаралық әдеби байқауында «Поэзия» номинациясының жеңімпазы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0