$ 476.07  541.86  6.08

«15 жыл күттік!»: Егіз ұлдарын қолына алған Семейлік азамат жылап жіберді (ВИДЕО)

Семей қаласының тұрғындары Медет пен Дария көп жылдан бері перзент сүюді армандаған.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламасы арқылы ата-ана атанған тағы бір отбасының қуанышты сәтін көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

15 жыл бойы сәби сүйе алмаған семейлік ерлі-зайыпты егіз ұлды болды.

Журналистің айтуынша, Семей қаласының тұрғындары Медет пен Дария көп жылдан бері перзент сүюді армандаған. Ләйлә Сұлтанқызының бастамасымен жүзеге асқан ЭКҰ бағдарламасының нәтижесінде олардың отбасында қос нәресте дүниеге келді.

«Абай елі, Семей қаласы, қос батырдың бауы берік болсын! Медет пен Дария 15 жылдан кейін ата-ана бақытына кенелді. Бұған дейін мұндай ем-домның шығынын көбіне кәсіпкерлер мен қайырымды жандар көтеретін. Ал бұл жолы ЭКҰ бағдарламасы толықтай халықтың қолдауымен жүзеге асты», – деп жазды журналист.

Ерлі-зайыпты егіз ұлдарына Арман және Аңсар деген есім берген. Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде сәбилердің перзентханадан шығарылған сәтінің видеосын жариялады. Бейнежазбада 15 жыл бойы сәби күткен Медеттің қос ұлын алғаш құшағына алып, толқыныстан көз жасына ерік бергені көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0