$ 476.07  541.86  6.08

Астана қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ол осыған дейін Астананың Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарған.

Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Талғат Рахманберді Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол осыған дейін Астананың Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарған.

— Өзге жұмысқа ауысуына байланысты Есет Байкеннің орнына елорда әкімінің орынбасары болып Талғат Рахманберді тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен бұл қызметке Талғат Рахманберді бекітілді, — деп хабарлады қала әкімдігі.

Ол еңбек жолын 2004 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болып бастаған.

Әр жылдары «Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігін басқарды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы институтының (Астана қаласы) қылмыстық процесс заңдылығы мен жедел-іздестіру қызметін қадағалау бойынша біліктілікті арттыру басқармасында аға прокурор, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы және өзге де қызметтерді атқарған.

2016 жылдың сәуірінен 2019 жылдың наурызына дейін Астананың Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болды. 2019 жылдың сәуір айынан бастап Астана әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың тамызынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы мен Ішкі саясат басқармасын басқарды, сондай-ақ қала әкімінің кеңесшісі болды.

2023 жылғы 18 қазаннан бастап Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарды.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Талғат Рахманбердіге қаланы жүйелі дамытуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0