28.07.2026, 11:10

Ақтаудағы сорақы жағдай: Стоматологқа барам деп жақ сүйегінің 60 пайызынан айырылды

Фото: видеодан скрин

Ақтауда емханадағы стоматологқа барып келген баланың иек сүйегінде іріңді қабыну басталып, сүйек тінінің 60 пайызы шіріп кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Астаналық мамандар тексере келе оған астыңғы жақ сүйегінің остеомиелиті мен секвестрі деген ауыр диагноз қойды. Аурудың салдарынан баланың сөйлеуі бұзылып, белсенді қозғалуға тыйым салынды және ол тек сұйық тамақпен ғана қоректенуге мәжбүр. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға байланысты екі стоматологқа тек сөгіс жариялаумен шектелген. Баланың ата-анасы мұндай жеңіл жазамен келіспей, жауапты дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етіп отыр. Бұл оқиға тұрғындардың ашу-заңын тудырып, желіде үлкен резонанс тудырды.