28.07.2026, 14:40

Түркістанда мәслихат депутаты Қытай азаматын зорлады деген ақпарат тарады

Фото: Әлеуметтік желіден

Оқиғаға байланысты Түркістан облысы полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаевқа қатысты оқиға бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Алматы қаласының тұрғынынан арыз түскен. 

Онда Бәйдібек ауданына Қытайдан келген таныстарымен бірге барған кезде 34 жастағы шетелдік әйел адамға қатысты еркінен тыс жыныстық сипаттағы әрекет жасалғаны айтылған. Арызда аталған оқиғаға аудандық мәслихат депутаты Ерғали Аманбаевтың қатысы бары көрсетілген.

Оқиғаға байланысты Түркістан облысы полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

— Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, қамауға алынды, — деп хабарлады ведомстводан.

Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейтіні хабарланды.