Алайда көп ұзамай құқық қорғау органдары оны ұстап, қамауға алған.
52 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы 29 шілдеде басталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Марқұмның туыстарының айтуынша, оқиғаға дейін әйел биыл сәуір айында күйеуіне ажырасқысы келетінін жеткізген.
Kriminal Kazakhstan мәліметінше, бірнеше күннен кейін ер адам әйелдің жеке киімдерін, құжаттарын және олардың ортақ балаларының құжаттарын өртеп жіберген.
Бұдан кейін күдікті әйелді аңдып жүріп, оған бейсбол таяғымен шамамен 28 рет соққы жасаған. Ауыр дене жарақатын алған әйел оқиға орнында көз жұмған.
Марқұмның жақындарының сөзінше, ер адам ұзақ жылдар бойы ішімдікке тәуелді болып, әйеліне күш көрсеткен. Сондай-ақ әйел ажырасуға шешім қабылдағаннан кейін де оны аңдуын тоқтатпаған.
Қылмыстан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда көп ұзамай құқық қорғау органдары оны ұстап, қамауға алған.
Қазіргі уақытта «Кісі өлтіру» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталған. Іс сотта 29 шілдеде қарала бастайды.