28.07.2026, 16:30

«Бәйтерек» топ-менеджерлерді неге қысқартпай отыр?

Фото: Видео скриншот

Ал «Самұрық-Қазына» белсенді түрде қысқартқан еді.

 «Бәйтерек» холдингі өз штаты мен топ-менеджментін қысқартудан бас тартып отырғандай, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Басқарма төрағасының орынбасары Нұрболат Айдапкелов жаңа бөлімшелерді ішкі резерв есебінен аштық деп ақталды. Мәселелі жобалардың үлесі 8 пайызға жеткенін ол пандемия, құрғақшылық және электр энергиясының қымбаттауымен түсіндірмек болды.

Ал «Самұрық-Қазына» белсенді түрде қысқартқан еді. Алайда «Бәйтерек» басшылығы халық қаржысына отырған маңдайалды шенеуніктерін сақтап қалуды жөн көріпті.