$ 473.4  539.39  6.07

«Нұрай мені бірінші пышақтады»: Шерхан Аймахан сотта жауап берді

Сотталушы Нұрай Серікбайдың ата-анасынан, туыстарынан және өз отбасынан кешірім сұрады.

Коллаж: Азаттық рухы
Коллаж: Азаттық рухы

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта сөз алған Шерхан Аймахан қайғылы жағдайға байланысты өкініш білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сотталушы Нұрай Серікбайдың ата-анасынан, туыстарынан және өз отбасынан кешірім сұрады. Алайда ол өкінішін жасаған әрекеті үшін емес, жағдайдың осындай жағдайға жеткені және уақытында ем қабылдамағаны үшін білдіргенін айтты.

«Мен осы іс-әрекетімнен Нұрайдың ата-анасынан, ағаларынан, туысқандарынан және өзімнің әке-шешемнен, барлық әулетімнен кешірім сұраймын. Мұндай жағдайға жетеді деп ешқашан ойлаған жоқпын. Өкінемін. Бүкіл Қазақстаннан кешірім сұраймын», – деді Шерхан Аймахан.

Сотталушының айтуынша, бірнеше жыл бұрын басынан жарақат алғаннан кейін денсаулығына байланысты мәселелер туындаған. Оның сөзінше, ата-анасы оны дәрігерлерге көрсетіп қана қоймай, халық емшілеріне де апарған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0