$ 476.75  541.59  6.06

Шенеуніктер қайда қарап отыр? Көкшетауда тұрғындарды қоқыс иісі тұншықтырып барады

Бұл шешім жағдайды одан сайын ушықтырып, қаланы қоқыс батпағына батыруы мүмкін.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Көкшетаудың қақ ортасында, Құсайынов пен Кенесары көшелерінің қиылысында, нағыз антисанитария орнап тұр. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерде заңсыз қоқыс полигоны пайда болғанына бірнеше күн болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Үйіліп қалған тұрмыстық қалдықтардан шыққан жағымсыз иіс қолқаны қауып, дем алу мүмкін емес болып барады. Жергілікті билік болса, мәселені шешуге асығар емес. Бұдан да сорақысы — қоқыс үйіндісін жоюдың орнына, бұл маңдағы қоқыс контейнерлерін алып тастау жоспарлануда. Бұл шешім жағдайды одан сайын ушықтырып, қаланы қоқыс батпағына батыруы мүмкін.

Халық арасында заңды сұрақ туындайды: "Бұл бейберекетсіздікке кім жауапты және әкімдік қашан нақты шара қолданады?".

Видео: ⁠aqmolapress⁠

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0