$ 477.17  543.26  6.01

Ақтаудағы Керемет тұрғын үйінің халқы сегіз күннен бері сусыз отыр

Адамдардың қарапайым тұрмыстық құқығы аяқасты болған бұл жағдай қаладағы ПИК жұмысының сорақы деңгейін тағы бір мәрте ашып берді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақтаудағы 16-шағынауданда орналасқан «Керемет» тұрғын үй кешенінің №70, 70/1 және 70/2 үйлерінің тұрғындары су құбырындағы апат салдарынан сегіз күннен бері ауызсусыз отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құбыр жарылған соң амалы таусылған жұрт жөндеуге қажетті материалдарды өз қалтасынан сатып алғанымен, мәселе әлі шешілген жоқ. Осы аймаққа жауапты «Гран Сервис» ПИК-і өзінің тікелей міндетін орындаудан қашып, халықты апатпен бетпе-бет қалдырды. Коммуналдық қызметтің бұлай іркілуі «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 50-бабының талаптарын өрескел бұзып отыр. Наразы тұрғындар биліктен ауызсу беруді дереу қалпына келтіруді және «Гран Сервис» ПИК-нің қызметін ресми түрде тексеруді талап етеді. Адамдардың қарапайым тұрмыстық құқығы аяқасты болған бұл жағдай қаладағы ПИК жұмысының сорақы деңгейін тағы бір мәрте ашып берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0