31.07.2026, 17:00

Астаналық оқушы шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Дүбірлі додаға 8 мемлекеттен 30-ға жуық спортшы қатысып, әлемнің үздіктері өзара бақ сынады.

Астана қаласының спортшысы Қуанышұлы Нұрғиса Болгарияда өткен шахматтан әлем чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

"20-31 шілде аралығында Болгарияның София қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахматтан 4th IBSA World Individual Chess Championship әлем чемпионаты өтті.

Дүбірлі додаға 8 мемлекеттен 30-ға жуық спортшы қатысып, әлемнің үздіктері өзара бақ сынады.

Аталған әлем чемпионатында Астана қаласының спортшысы Қуанышұлы Нұрғиса жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды", - делінген хабарламада.