Іздестіру жұмыстары кеше басталған.
Ақмола облысында Есіл өзеніне секіріп, қаза тапқан 20 жастағы жігіттің денесі табылды. Қайғылы оқиға 30 шілде күні Есіл ауданында, Қалашы ауылының маңында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
ТЖД мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғыны биік жардан өзенге секірген. Алдын ала болжам бойынша, ол суға секірген кезде басын су астындағы тасқа соғып, есінен танып қалған. Кейін ағыс оның денесін алып кеткен.
Іздестіру жұмыстары кеше басталған. Сүңгуірлердің жұмысына өзеннің қатты ағысы кедергі келтірген. Марқұмның денесі бүгін суға кеткен жерден шамамен 200–250 метр төмен жерден табылып, жағаға шығарылды.
Шомылу маусымы басталғалы бері Ақмола облысының су айдындарында 26 адам қаза тапқан.