$ 474.63  544.5  5.92

«Күн ыси түседі»: Еліміз бойынша 1 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қалған өңірлерде қатты жауын-шашын бола қоймайды.

Фото: unsplash
Фото: unsplash

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 1 тамызда, сенбіде Қазақстанның бірнеше өңірінде құбылмалы ауа райы болатынын болжайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде қатты жауын-шашын болып, бұршақ түседі деп күтіледі.

Қалған өңірлерде қатты жауын-шашын бола қоймайды. Республикамыз бойынша белең алатын табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Сонымен қатар бірқатар облыстарда аномальды ыстық сақталады:

  • +41°C: Қарағанды облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау мен Абай облыстарында;
  • +35...+39°C: Атырау, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында.

Ақмола мен Қостанай облыстарының кейбір аудандарында да күн ысып, аптап болады.

  • Бұдан бөлек, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында ауа температурасы +38...+40°C-қа дейін,
  • ал Қызылорда мен Түркістан облыстарында сынап бағаны қайтадан +40...+44°C-қа дейін көтеріледі.

Аптап ыстыққа байланысты бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0