01.08.2026, 07:30

«Күн ыси түседі»: Еліміз бойынша 1 тамызға арналған ауа райы болжамы

Фото: unsplash

Қалған өңірлерде қатты жауын-шашын бола қоймайды.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 1 тамызда, сенбіде Қазақстанның бірнеше өңірінде құбылмалы ауа райы болатынын болжайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде қатты жауын-шашын болып, бұршақ түседі деп күтіледі.

Қалған өңірлерде қатты жауын-шашын бола қоймайды. Республикамыз бойынша белең алатын табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Сонымен қатар бірқатар облыстарда аномальды ыстық сақталады:

+41°C: Қарағанды облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау мен Абай облыстарында; +35...+39°C: Атырау, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында.

Ақмола мен Қостанай облыстарының кейбір аудандарында да күн ысып, аптап болады.

Бұдан бөлек, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында ауа температурасы +38...+40°C-қа дейін, ал Қызылорда мен Түркістан облыстарында сынап бағаны қайтадан +40...+44°C-қа дейін көтеріледі.

Аптап ыстыққа байланысты бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.