01.08.2026, 17:30

Тікелей эфирде балағат сөздер айтқан Талдықорған тұрғыны ұсталды

Фото: видеодан скриншот

Құқық бұзушы – Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны.

Талдықорғанда қоғамдық әдепті бұзған TikTok қолданушысы жазаланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

"ҚР ІІМ жаңалықтары" Telegram-арнасында хабарланғандай, Жетісу облысы ПД “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бағытында жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

Кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан азамат анықталды. Құқық бұзушы – Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны.

Тексеру барысында оның бұған дейін де дәл осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Алайда соған қарамастан, ол заң талаптарын қайтадан бұзған.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот қаулысына сәйкес, азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Полицейлер интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарының тұрақты негізде жүргізілетінін еске салды. Заң талаптарын бұзғандарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.