01.08.2026, 12:40

Тоқаев Швейцария Президентін құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Швейцария халқына құт-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланды Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күнімен құттықтады.  

– Бұл атаулы күн Швейцарияның бай тарихи мұрасын танытып, демократиялық тұғырының беріктігін және елдің бейтараптық қағидаттарға ұдайы бейіл екенін көрсетеді, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қазақстан Швейцариямен достыққа және өзара құрметке негізделген сан қырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынына тоқталды. Сондай-ақ сауда, инвестиция, қаржы және білім салаларындағы ықпалдастықтың оң динамикасын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Швейцария халқына құт-береке тіледі.