Астанада 2 тамызда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылдың 2 тамызында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35–39 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 2 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады деп болжанады.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбырмен қатар бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 2 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады.
Астанада 2 тамызда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35–38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 2 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Қалада күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 2 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысы бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 2 тамызда күндіз 35 градус ыстық болатыны болжанады.
Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысындағы екпіні 15–18 м/с қамтиды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 2 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстанжел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, өңірдің оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 2 тамызда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні -15 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал шығысында, солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 2 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 2 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.