$ 473.59  544.68  5.94

Биыл Астанада терезеден құлаған балалар саны 39-ға жетті

Көбіне бүлдіршіндер маса-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп, төмен құлап кетеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елордада терезеден құлап кеткен балаларға қатысты қайғылы статистика азаймай тұр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Астанада 39 бүлдіршін терезеден құлап кеткен, өкінішке қарай, олардың 10-ы қаза тапты, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Құтқарушылардың айтуынша, басты себеп — баланың қараусыз қалуы. Әсіресе 1-7 жас аралығындағы бүлдіршіндерге қауіп-қатер төнеді. Өткен жылдың өзінде Астанада 58 бала терезеден құлап, оның 14-і қаза тапқан еді.

Бақылаусыз бейқамдықтың соңында бармақ тістеп қалмау үшін төтенше жағдайлар қызметі түсіндіру жұмысын күшейтіп-ақ жатырмыз дейді. Бірақ статистика сонда да адамшошырлық.

Көбіне бүлдіршіндер маса-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп, төмен құлап кетеді. Мамандардың айтуынша, бұл оқиғалардың алдын алу — әрбір ата-ананың тікелей міндеті.

"Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Оған қатаң тыйым салынады. Біз оны ата-аналарға көп айтамыз. Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды, терезелерге блок орнату керек және терезенің қасындағы жиҺаздарды алып тастау керек", - дейді Астана қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Өміржан Тұкышев.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0