03.08.2026, 13:00

«Сені зорлаймын»: Ақтауда ер адам қызға шабуыл жасады

Фото: Азаттық рухы

Осы кезде оқиға куәгерлері араласып, жағдайды тоқтатуға әрекет еткен. 

Ақтау қаласында ер адам мен бойжеткеннің арасындағы жанжал әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, 

Оқиға сәті түсірілген бірнеше бейнежазба интернет қолданушыларының назарын аударды.

Жергілікті Instagram-парақшаларында жарияланған мәліметке сәйкес, оқиға 2 тамыз күні таңғы сағат 08:00 шамасында қала жағалауында болған.

Бейнежазбалардың бірінде ақ түсті пиджак пен қара көйлек киген бойжеткенді ер адамның күштеп ұстап тұрғаны көрінеді. Қыз оның қолынан босап шығуға тырысқан. Осы кезде оқиға куәгерлері араласып, жағдайды тоқтатуға әрекет еткен.

Тағы бір видеода екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындағаны байқалады. Жанжал барысында ер адам: «Сені зорлаймын» деп қызға қоқан-лоқы көрсеткен.

Оқиғаның ең қауіпті сәті жолдың жүріс бөлігінде болған. Бойжеткен ер адамнан қашып құтылуға әрекеттенгенімен, ол соңынан қуа жөнелген. Мұны байқаған бірнеше жүргізуші көліктерін дереу тоқтатып, ер адамның жолын кесуге тырысқан.

Қыз өтіп бара жатқан көліктердің біріне мініп үлгерген. Алайда ер адам көлікке жүгіріп жетіп, есігінен ұстап қалған. Осы сәтте жүргізуші көліктен түсіп, бойжеткенге көмек көрсетуге ұмтылған. Оқиға куәгерлері жүргізушіден қызды қауіпсіз жерге алып кетуді өтінген.

Аталған оқиғаға байланысты Маңғыстау облысы Полиция департаментіне ресми сауал жолданды. Әзірге құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.