$ 473.59  544.68  5.94

Ағаш баланың үстіне құлай жаздады: Қарағандыдағы апатты жағдай қашан шешіледі?

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қарағанды қаласы, Сатыбалдин көшесіндегі №17 үйдің ауласында қатты желдің салдарынан шіріген ағаш ортасынан опырылып түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Абырой болғанда, дәл сол сәтте жанында жүрген кішкентай қыз бала қашып үлгеріп, қайғылы жағдайдан аман қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл аулада кураған, апатты жағдайда тұрған ағаштар өте көп және бұл мәселе бұған дейін де талай көтерілген. Алайда тиісті жауапты қызметтер тұрғындардың шағымына құлақ асып, шіріген ағаштарды отап тазалауға еш асығар емес. Жұртшылық келесі жолы мұндай оқиғаның соңы үлкен трагедиямен аяқтала ма деп қатты қауіптеніп отыр. Ендігі үміт — құзырлы органдардың іске шұғыл араласып, ауланы апатты ағаштардан тазартуында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0