Павлодар облысындағы Екібастұз қаласы нөсер жауыннан кейін тағы да су астында қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған бейнежазбалардан көшелер мен аулалардың теңізге айналғанын анық көруге болады. Қала тұрғындарының айтуынша, су «Maxi Mall» сауда үйі маңында ерекше көп жиналған. Видеода жаяу жүргіншілердің су кешіп бара жатқаны және тізеден асатын су деңгейі анық көрінеді. Бұл жағдай қаладағы кәріз жүйесінің ақаулы екенін тағы да дәлелдеп отыр. Тұрғындар әлеуметтік желілерде өз реніштерін білдіріп, әкімдіктен жедел шара қолдануды талап етуде.