Ақыр соңында сапасыз болып шықты.
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы Назарбаев көшесінде орналасқан атышулы аяқталмаған төрт қабатты үйді бұзу жұмыстары басталды,
2021 жылдың ақпанында іргетасы қаланған нысан бірнеше айда тапсырылуы тиіс еді, бірақ құрылысы сағызша созылып, ақыр соңында сапасыз болып шықты. Жергілікті әкімдіктің бақылаусыздығы мен салғырттығынан құрылыс бейбастақ жүргізіліп, алданып қалған үлескерлер ақшасынан да, пәтерінен де айырылды.
Бұл істің арты үлкен қылмыстық дауға ұласып, 2024 жылы сот құрылыс компаниясының құрылтайшысы мен директорын темір торға жапты. Сонымен бірге сот шешімімен кінәлі тарап 40 үлескерге 413 миллион теңге шығынды қайтаруға міндеттелген еді. Енді бұл апатты ғимарат толығымен жермен-жексен етіліп, оның орнына жаңа мердігер басқа көпқабатты үй салады деп уәде берілуде.