03.08.2026, 12:40

Жамбыл облысында 25 жастағы жігітті атып кетті

Фото: Криминальный Казахстан

Марқұмның әпкесінің сөзінше, күдікке ілінген адамдардың жасы шамамен 22-де.

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговое ауылында ер адамға қарулы шабуыл жасалып, қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 1 тамыз күні түнгі сағат 03:00 шамасында болған.

Туыстарының айтуынша, бұл қылмысқа ауданда әрекет ететін қылмыстық топқа қатысы бар адамдардың қатысы болуы мүмкін.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, күдікке ілінген адамдардың жасы шамамен 22-де.

Марқұмның жақындары бұған дейін де оған бірнеше рет қауіп төндірілгенін айтып отыр. Олар істің жан-жақты әрі әділ тергелуін, кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап етуде.

Сонымен қатар отбасы өкілдері Қазақстан Президентіне үндеу жасап, тергеу барысын жеке бақылауға алуды сұраған.

Марқұмның артында жары, ұлы мен қыздары қалды. Ал қарт ата-анасы жалғыз ұлынан айырылды.