$ 473.59  544.68  5.94

Астана маңындағы күнбағыс алқабында фотоға түсетіндерге айыппұл салынуы мүмкін

Күнбағыс гүлдей бастағалы бері патрульдік полиция қызметкерлері жол белгілерінің талаптарын елемеген 25-ке жуық жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Фото: eldala.kz
Фото: eldala.kz

Ақмола облысында полиция жол бойындағы күнбағыс алқабына тоқтап суретке түсетін жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды 

 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана-Щучинск автожолының бойындағы күнбағыс алқаптары автокөлік жүргізушілерінің қызығушылығын тудырады. Алайда әдемі фотосуреттер жасау үшін кейбір жүргізушілер жол ережелерінің талаптарын елемей, жол үстінде тоқтайды.

Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының 2-взводы командирінің міндетін атқарушы, полиция капитаны Ербол Дүйсетай атап өткендей, бұл учаске – көлік тоқтатуға тыйым салынған автобан. Мұнда барлық қажетті жол белгілері, соның ішінде "Тоқтауға тыйым салынады" деген белгі де бар.

Күнбағыс гүлдей бастағалы бері патрульдік полиция қызметкерлері жол белгілерінің талаптарын елемеген 25-ке жуық жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Полицейлер жол үстіндегі аялдама жол қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін еске салады.

"Жүргізуші патрульдік көлікті көре салысымен кетіп үлгерсе де, бұл бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатпайды", - деп ескертті полиция қызметкерлері.

Тәртіп сақшылары азаматтарды өміріне қауіп төндірмеуге және фотосуреттер үшін автобан үстінде тоқтамауға шақырады. Суретке түсіру үшін тек рұқсат етілген және қауіпсіз орындарды таңдау қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0