$ 473.59  544.68  5.94

«60 жасымды түрмеде қарсы алдым»: Жылқы ұрлады деп айыпталған қарияның ісіне зерттеу басталды (ВИДЕО)

Естеріңізге сала кетейік, Рахат Сәрсенов Мұғалжар ауданына қарасты Сағашелі ауылының тұрғыны. Ол 33 жыл бойы бір қожалықта жылқышы болып еңбек еткен.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Ақтөбе облысының тұрғыны, 60 жастағы Рахат Сәрсеновтың оқиғасы бойынша журналист Руслан Өтепбай журналистік зерттеу бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ұзақ жылдар бойы бір шаруашылықтың жылқысын баққан қарияға жылқы ұрлады деген айып тағылып, алғашқы сот үкімімен 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда кейін апелляциялық сот оны толық ақтап шықты.

Журналист Руслан Өтепбай қазіргі уақытта, істің анық - қанығын білу мақсатында қарияның ауылына барды. Заңгермен бірге қарияның үйіне жеткен журналист онымен сұхбаттасты. 

«Рахат Сарсенов бізді көре сала көз жасына ерік берді. Атамыздың денсаулығы сыр берген. 2025 жылы инсульт алыпты. Осы денсаулығымен 2 ай 2 күн изоляторға отырып шықты. Ең ауыры - 60 жасымды түрмеде қарсы алдым, дейді ол. 33 жылын жылқы бағуға арнаған азаматқа тағылған айыптың қаншалықты негізді болғанын анықтау үшін журналистік зерттеуімізді бастадық» - деді, ол.  

Естеріңізге сала кетейік, Рахат Сәрсенов Мұғалжар ауданына қарасты Сағашелі ауылының тұрғыны. Ол 33 жыл бойы бір қожалықта жылқышы болып еңбек еткен.

Бірінші сатыдағы соттың үкімі биыл 15 мамырда шығарылып, қария 7,5 жылға сотталған. Үкім жарияланғаннан кейін ол сот залында бірден қамауға алынып, екі айға жуық тергеу изоляторында отырған.

Кейін істі қайта қараған апелляциялық сот Рахат Сәрсеновты толық ақтап, оны қамаудан босатты. Сот залынан шыққан қария көз жасына ерік берген.

Марқұмның емес, қарияның туыстарының айтуынша, оған қатысты арыз инсульт алып, ауыр жағдайда жатқан кезінде рәсімделген. Сол кезде денсаулығына байланысты қол қойып жатқан құжаттардың мазмұнын толық түсіне алмағаны айтылып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1