04.08.2026, 09:30

Балмұздақ зауыты өзенді улап жатыр ма? Түркістан облысы халқы дабыл қақты

Фото: видео скриншот

Олардың айтуынша, кәсіпорын өндірістік қалдықтарды тікелей өзенге ағызып жатыр.

Түркістан облысы, Төле би ауданының тұрғындары жергілікті балмұздақ зауытының үстінен шағымдануда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, кәсіпорын өндірістік қалдықтарды тікелей өзенге ағызып жатыр. Әлеуметтік желіде тараған видеода арық ішімен тартылған құбырдан сүтке ұқсас ақ сұйықтықтың ағып жатқаны анық көрінеді. Ауыл халқы бұл жағдайдың қоршаған ортаға тигізер залалына алаңдаулы. Олар құзырлы органдардан тексеріс жүргізіп, заң бұзушылық анықталса, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етеді.

Әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми органдар тарапынан ешқандай түсініктеме берілген жоқ.