04.08.2026, 14:10

«Степногорскіде ауызсудың орнына батпақ ағып жатыр»: Тұрғындар әкімдіктің жауапсыздығына ашулы

Фото: Видео скриншот

Қала халқының айтуынша, су тазалайтын сүзгілердің де (фильтр) күші жетпей, істен шыға бастаған.

Степногорск қаласының 9-микрорайонындағы тұрғындардың краннан аққан сұйықтыққа қарап төзімі таусылды: ауызсудың орнына лай араласқан қою батпақ ағып жатыр, 

Қала халқының айтуынша, су тазалайтын сүзгілердің де (фильтр) күші жетпей, істен шыға бастаған. Мұндай сұмдық жағдай тек бір үйде емес, шаһардың басқа да шағынаудандарында қайталанып отырғаны белгілі болды.

Жергілікті жұрт халықтың денсаулығына қауіп төндірген бұл сорақылыққа тікелей қала мен облыс әкімдігін кінәлап, дабыл қағуда.

Сапасыз инфрақұрылым мен бақылаудың жоқтығын айтып шағымданған тұрғындар жауапты шенеуніктерден жедел әрі нақты шара қолдануды талап етеді. Қазіргі уақытта редакция мәселенің мән-жайын білу үшін Степногорск қаласы мен Ақмола облысының әкімдігіне ресми сауал жолдады.