04.08.2026, 14:20

«Ұят жоқ сенде!»: Нұрайдың әкесі сот отырысында ашуға мінді

коллаж: Sn.kz

Алайда марқұмның әкесі Бауыржан Сағымбек бұл сөздермен келіспейтінін айтты.

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотта айыпталушы Шерханның әкесі Әлмахан Макенов куәлік берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Ұлым суық қаруға әуес болған жоқ. Үйімізде ешқандай қару-жарақ коллекциясы болған емес. Нұрай үйге өз еркімен келді, сол күні көңіл күйі де жақсы болды», – деді ол.

Алайда марқұмның әкесі Бауыржан Сағымбек бұл сөздермен келіспейтінін айтты.

«Шерхан қызымды күштеп көлікке отырғызып, телефонын тартып алды. Алматыдан Шымкентке алып кетті. Қызыма ұзақ уақыт бойы психологиялық қысым көрсетті. Егер құқық қорғау органдары арыздарға дер кезінде назар аударғанда және ата-анасы ертерек араласқанда, бұл қайғылы оқиғаның алдын алуға болатын еді», – деді ол.

Сондай-ақ Бауыржан Сағымбек бұған дейін де айыпталушының әкесіне бірнеше рет ескерту жасағанын айтып, сот залында оған қарата: «Ұят жоқ сенде!» – деп эмоцияға берілді.