Алайда, халықтың қалтасын қаққан қымбатшылық фонында министрдің бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен сұрақ туғызып отыр.
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдері шетелдік баламалардан «бірнеше есе арзан» деп сендіруге тырысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алайда, халықтың қалтасын қаққан қымбатшылық фонында министрдің бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен сұрақ туғызып отыр. Шенеуніктің пайымдауынша, тұтынушылардың отандық тауардың бағасына көңілі толмауы — тек «субъективті пікір».
«Отандық өнімдер тіпті түрік аналогтарынан да едәуір, бірнеше есе арзан. Кейде бағасы шамалас болуы мүмкін, бірақ жеңіл өнеркәсіпті алсақ — балалар киімін, сапалы отандық өнімдерді алып қараңыздаршы. Сондықтан бұл жерде бәрі субъективті. Сіздер тек өздеріңіздің тұтынушылық тәжірибеңізге сүйенесіздер, сондықтан бәріне ортақ қорытынды жасау қиын», — деп ақталды Арман Шаққалиев.