04.08.2026, 14:50

Шілдедегі «күздік бидай» сылтау ма: Астық экспортының 16%-ға құлдырауы артында не жатыр?

Фото: Видео скриншот

Алайда бұл түсініктеме бірқатар сұрақ тудырады. 

Қазақстанның астық экспорты бір айдың ішінде бірден 16%-ға төмендеп кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шаруалар мен трейдерлер дабыл қағып жатқанда, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бұл жағдайды жай ғана «маусымдық фактормен» түсіндіруге тырысты. Бірақ шенеуніктің бұл сендіруі саладағы қордаланған мәселелерді бүркемелей ала ма?

Солтүстік көршінің тауарына орын босату ма? Вице-министрдің уәжінше, шілдеде Ресейдің күздік бидайы нарыққа шығып, Қазақстан экспортта «уақытша ауытқуды» бастан кешіріп жатқан-мыс.

Алайда бұл түсініктеме бірқатар сұрақ тудырады: Логистикалық бейбастық: Жылда қайталанатын Ресей бидайының маусымына Ауыл шаруашылығы министрлігі неге алдын ала дайын болмады?

Бәсекеге қабілетсіздік: Неліктен ресейлік өнім шыққан бойда қазақстандық астық нарықтан бірден ығысып қалады? Экспорттық баға мен тасымалдау тарифтері неге икемсіз?

Тегтер: астық экспорт