04.08.2026, 22:30

«Бір-біріне ғашық болды»: Нұрай Серікбай ісінде сотталушының анасы мәлімдеме жасады

Фото: Instagram/justice_for_nuray

Ол ұлы Шерханға сөзін өткізіп, Нұрайды мазалауын қоюына ықпал етуін сұраған.

Шымкент сотында 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс қаралып жатыр. 4 тамыздағы сот отырысында марқұм қыздың әкесі мен сотталушының әкесі сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Марқұм Нұрайдың әкесі Бауыржан Сағымбек сотта қайғылы оқиғаға дейін бірнеше рет сотталушының әкесі Әлмахан Макеновке өтініш айтқанын мәлімдеді. Ол ұлы Шерханға сөзін өткізіп, Нұрайды мазалауын қоюына ықпал етуін сұраған.

Сотталушы Шерханның әкесі жастардың қарым-қатынасына араласа алмағанын айтты. Ал Нұрайдың әкесі оның кезінде көмектесуге уәде бергенін есіне салды.

«Ұят жоқ сенде. «Балам қызыңа жоламайды, уәде берем» дедің», – деді қыздың әкесі сотта.

«Сезіміне жауап бермеймін” деп сол кезде де айттым», – деп жауап берді Шерханның әкесі. 

Сотта сотталушы Шерхан Аймаханның анасы Айгүл Макеновадан да жауап алынды. Айтуынша, Нұрай келін болуға келісім берген, содан кейін ғана басына орамал таққан. 

«Үйге кіріп, тамағын ішіп, қолхат жаздырып… Қасымбек Датқа ауылына барып келді. Өзі киініп келді. Нұрайдан «орамал жапсам бола ма?» деп екі рет сұрадым. Келіспесе салмайтын едік», – деді Шерханның анасы.

Айтуынша, Нұрай үйіне кетіп қалғаннан кейін Шерхан Аймахан бір рет өзіне суицид жасамақ болған.

«Бір-біріне ғашық болды ғой», – дейді Макенова.

Жәбірленуші тарап кей куәнің берген жауабына наразылық білдірді. Оның ішінде Нұрай Серікбайды «келін» деп атамауды талап етті.