05.08.2026, 09:40

«Музыка харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды

Фото: polisia.kz

ІІМ мәліметінше, азаматтың айтқан пікірі діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша бағаланған.

Түркістан облысында той үстінде айтқан сөзі қоғамда талқыға түскен 66 жастағы тұрғынға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ІІМ мәліметінше, азаматтың айтқан пікірі діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша бағаланған.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етеді. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді», – деп мәлімдеді ведомство.