Сұхбат соңында журналист Рахат Сәрсеновтің отбасы жұртшылықтың қолдауымен баспаналы болғанын айтқан.
Журналист Руслан Өтепбай жылқышы Рахат Сәрсеновтің бұрынғы жұмыс берушісі Тәжіғали Елеуовпен сұхбаттасқанын мәлімдеді,
Оның айтуынша, әңгіме барысында Рахат Сәрсеновтің еңбек жолы, екеуінің қарым-қатынасы және қоғамда талқыланып жатқан жайттар сөз болған.
Сұхбат соңында журналист Рахат Сәрсеновтің отбасы жұртшылықтың қолдауымен баспаналы болғанын айтқан. Алайда кәсіпкер бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын білдіріп, үйдің өз қаражатына сатып алынғанын жеткізген.
«Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болды» дегенімде, ол: «Ол менің ақшама алынған үй», – деп жауап берді», – дейді журналист.
Кәсіпкердің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көпшілік оның сөзінің мән-жайы толық ашылатын сұхбаттың жариялануын күтіп отыр.