Оқиғадан кейін интернетте тағы бір видео жарияланды.
Той барысында асаба Сабыржан Түзелбаевтың өрт сөндіруші маманға арнап айтқан «өртің көп болсын» деген тілегі әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары бұл сөзді орынсыз деп бағалап, түрлі пікір білдірді.
Оқиғадан кейін интернетте тағы бір видео жарияланды. Онда видео авторы Теміртаудағы мазарат аумағында жуырда болған ірі өртті еске алып, осы жағдайға қатысты өз ойын айтты.
"Сабыржан, мынау Теміртаудың бейіті. Ана жерде сенің анаң Күмісай жатыр. Кеше осы жерде өрт болып әзер сөндірді. Сен айтқалы шынымен өрт көп болып кетті. Халықтан кешірім сұрап, мына жерге келіп құран оқып кетесің-ау", деді ол.