05.08.2026, 09:45

«Уәде етілген күрделі жөндеудің орнына – жамау»: Петропавлдықтар әкімдікке ренішін білдіруде

Фото: Видео скриншот

Алайда, іс жүзінде тұрғындар "күткен нәтижеміз бен шынайы көрініс сәйкес келмеді" деп отыр.

Желіде Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы жол жөндеу сапасы талқыға түсіп, тұрғындардың ашуын туғызды, 

@sko_revizor Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбада автор жолдың толық жабылуына қарамастан, тек шағын аумақтың жамалғанын көрсеткен.

Жазбадағы мәліметке сәйкес, бұған дейін жергілікті атқарушы органдар көпірде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған болатын.

Алайда, іс жүзінде тұрғындар "күткен нәтижеміз бен шынайы көрініс сәйкес келмеді" деп отыр.

Пікір қалдырушылар әкімдікті бұл мәселеге назар аударуға және бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын бақылауға шақыруда.

Халықтың айтуынша, мұндай "жамау жұмыстары" бюджет қаражатын босқа шығындау және жол қауіпсіздігі мәселесін шешпейді. Қазіргі уақытта жағдайға қатысты ресми органдардан жауап күтілуде.