05.08.2026, 10:10

Щучинскідегі апаттық жол: әкімдік қараңғыда қазған орға тұрғындар түсіп жатыр

Фото: видеодан скрин

 

Әлеуметтік желіде Щучинск қаласының түнгі көшелеріндегі апаттық жағдай түсірілген бейнежазба тарап, елдің ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жергілікті пабликтерде бөлісілген кадрлардан жарықтандырылмаған жол жиегіндегі ешқандай ескерту белгісіз, қоршаусыз ашық жатқан терең шұңқырлар анық көрінеді. Түнде бұл жермен өтетін жаяу жүргіншілер мен көліктердің аңдаусызда оған түсіп кету қаупі өте жоғары. Желідегі кейбір пікірлерде мұны "құрылыс жұмыстары" деп ақтауға тырысқанымен, қауіпсіздік талаптарының сақталмауы тұрғындардың ашуын келтіріп отыр. Бұл жағдай жергілікті әкімдік пен мердігер мекеменің жұмыс орнындағы қарапайым қауіпсіздікті де бақылауда ұстамайтынын көрсетті. Ашық жатқан терең шұңқырлар мен жарықтың жоқтығы қарапайым халықтың өмірі мен денсаулығына төнген тікелей қатер.