Қайғылы оқиға Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағынауданында болған.
Шымкентте бүлдіршіннің өліміне әкелген оқиға тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағынауданында болған.
– 2023 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кеткен. Алған жарақатынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, – делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, биыл Шымкентте балалардың терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелген. Салдарынан 4 бала көз жұмып, 5-еуі түрлі дәрежеде жарақаттанған.
Департамент өкілдері ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.