05.08.2026, 15:40

«Орысша сөйлейтін журналисті танымасам өкініш жоқ»: Бағдагүл емші Динара Сәтжанға тағы шүйлікті

Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстан заңы бәрімізге ортақ!

Ақтөбелік Бағдагүл емші өзіне қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын айтып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол жеке парақшасында жауап беріп, Динара Сәтжан туралы да айта кетті. 

"Қазақстан заңы бәрімізге ортақ! Менде Қазақстанның азаматымын, сот үкімін бұл кісілер шығарады ма екен? Сот әлі аяқталған жоқ. Ақтөбенің соты бүгін 15:00 белгіленді, Астанаға берген соты 14-тамызға қойылды. @info_aqtobe Бұндай жалған ақпаратты қайдан алып отырсыздар? Сот әлі болып жатыр, сотқа кесірін тигізіп артық, өтірік ақпарат таратқандардың үстерінен арыз түсіреміз! @tokayev_online Аққа Құдай жақ! Халықты өсек, төсек-пөсек қызықтырмайды. Қазақша сөйлейік мен орысша түсінбеймін! Қазақстанда қарапайым халықтың мәселесі жетеді! Журналист болсаныз. Мен орысша сөйлейтін журналисті танымасам өкініш жоқ! Мен бұл кісіні тануға міндетті емеспін! Достарым мені қолдап! Жақсылап пікір жазыныздар! Біз әділетсіздік үшін күресуге дайынбыз! Қарапайым халықпен біргемін", деп жазды ол.