$ 471.98  543.39  5.82

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Тоқаевтың таңдаулы сөздерінен құралған жинақ жарық көрді

Бұл туралы Президенттің көмекшісі Арман Қырықбаев Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді. 

Фото: Арман Қырықбаев парақшасынан
Фото: Арман Қырықбаев парақшасынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылдары айтқан қанатты сөздері мен мақалаларынан алынған дәйексөздер топтастырылған «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітап жарық көрді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Президенттің көмекшісі Арман Қырықбаев Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді. 

Жинаққа Мемлекет басшысының 1990-жылдардан бері сөйлеген сөздері, жарияланған мақалалары және Үкімет отырыстарында айтқан маңызды ойлары енгізілген. Барлық дәйексөздер мазмұнына қарай 21 тақырыпқа жүйеленген.

Арман Қырықбаевтың айтуынша, кітапта Президенттің саяси философиясының негізгі қағидаттары ықшам әрі түсінікті түрде берілген. Оның сөзінше, бұл ұстанымдар Қазақстанның жаңғыру бағытының негізіне айналып, әділетті, қауіпсіз, прогрессивті әрі таза мемлекет құруға бағытталған реформалардың мәнін ашып көрсетеді.

Сондай-ақ Президент көмекшісі аталған жинақ мемлекеттік қызметкерлерге, оқытушыларға және жастарға пайдалы құрал болатынын атап өтті. Оның мәліметінше, кітап жуырда еліміздегі мемлекеттік кітапханаларға, жоғары және арнаулы оқу орындарына, сондай-ақ жастар орталықтарына таратылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0